Қазақстан Қырғызстанға бензин жеткізу туралы келісім жобасын мақұлдады

мақұлдады
Фото: vse-zdes.ua

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Үкіметі Қырғызстанмен Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жобасын мақұлдады, — деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Энергетика министрлігі жоба 10 күн ішінде жұртшылықпен келісу үшін ведомствоның сайтында болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Қанат Бозымбаев «қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы елдер Үкіметтері арасындағы келісімге қол қоюға» өкілеттік берді.