Қазақстан ұшақпен Францияға қауіпті жүкті жіберді

251
компанияларының
Фото: gagadget.com

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — Алғаш рет Қарағандыдан ұшақпен Францияға бірнеше өңірлерден жиналған қауіпті өндірістерден шыққан полихлорланған дифенилдер (ПХД) жіберілді.

Олар «Соколов — Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі»АҚ, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС-нен жиналған.

Елдің ең ірі кәсіпорындарынан 70 тоннадан астам ластанған қалдықтар шығарылды. Полихлорланған дифенилдер бар жүк Лиондағы Тreddi мамандандырылған зауытында жойылады. Бұл қалдықтар қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін аса қауіпті төзімді органикалық ластағыштар тізіміне енгізілген химиялық заттар болып табылады. Сондықтан құрамында ПХД бар жабдықпен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері және мұндай қалдықтарды міндетті түрде қауіпсіз жою ел үшін өте маңызды.

«Polyeco group компаниясымен бірге біз Францияға құрамында ПХД бар қалдықтарды экспорттадық. Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын мамандандырылған инженерлік компания ретінде, әрине, Қазақстанның ПХД сияқты қауіпті қалдықтардан құтылуына тырысамыз және бұл үшін барынша күш салуға дайынбыз», — дейді EcoProf KZ компаниясының директоры Индира Нұртақанова.

Айта кетейік, экспорт қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы «орнықты органикалық ластағыштармен және құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.