Қазақстанда бензин арзандады

11
заңсыз
Фото: betafinance.ru

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz  — Қазақстанда бес ірі ойыншының үшеуі АИ-92 бағасын төмендетті, деп хабарлайды  Kolesa.kz.

Бензинді Helios станцияларында 147 теңгенің орнына 145 теңгеден құюға болады. Sinooil де 92-ші бензинді 145 (149 болды), ал «Газпром» ЖҚС-да бензин 146 теңгеден сатады. «Қазмұнайгаздың» және Royal Petrol бағалар өзгеріссіз қалды: 149 және 145 теңге.

Дизельдің құны бұрынғы күйінде қалды. Royal Petrol ЖҚС-да ең арзан солярка құюға болады. Онда жанар май 188 теңгеден сатылады. Ең жоғары баға Helios пен «Газпромда» , олар 193 теңгеден сұрайды.