Қазақстанда интернетке қосылған абонентер саны 10%-ға өсті

72
интернетке
Фото: mediasat.info

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанда интернетке қосылған абоненттер саны бір жыл ішінде 10%-ға 14,4 мың бірлікке дейін өсті. Бұл туралы Finprom хабарлады.

Деректерге сәйкес, 2019 жылдың екі айында интернет және мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 741,3 млрд теңгеге дейін артты, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 2,4 есе артық.

2019 жылғы наурыз айының соңында ұялы байланыс абоненттерінің саны бір жыл ішінде 2,7%-ға төмендеп, 25,7 млн бірлікті құрады. Бірақ интернетке қолжетімділігі бар абоненттер саны артты.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында телекоммуникация нарығының қызметтерін сатудан түскен кіріс 187,9 млрд теңгені құрады, өсім — 5,1%. Кірістердің ең көп бөлігі интернет-қызметтерден түскен — 67,6 млрд теңге, бір жылда сома 14,1%-ға өсті. Телеком нарығындағы интернет қызметінен түскен табыс үлесі 33,1%-дан 36%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар, ұялы байланыс қызметтерінен түскен табыстар осы кезеңде 6,7%-ға төмендеп, 50,8 млрд теңгені құрады. Олардың үлесі — 30,5%-дан 27%-ға дейін азайды. Деректерді беру мен жергілікті телефон байланысынан түскен кіріс тиісінше 11,2 млрд және 9,4 млрд теңге болды, жиынтық 11%-ға тең.

Айта кетейік, интернетке қолжетімділігіне байланысты көптеген адамдар интернет және мобильді қосымшалар арқылы жүргізілетін қызметтерді пайдаланады.

Ағымдағы жылдың екі айында интернет және мобильді банкинг арқылы елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 741,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,4 есе артық. Осы кезеңде интернет және мобильді банкинг арқылы 50,3 млн транзакция жүргізілді, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде тек 23,3 млн болған.