Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 16,7 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,7%-ға көп.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 2,4%-ға өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 3,2%-ға ұлғайды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 2,5%-ға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 6,7%-ға өсті.
Бұдан басқа, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнім шығару көлемі 3,5% өсіммен 1,5 трлн теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарына келетін болсақ, осы сектордағы көлем есепті кезеңде 1,8 трлн теңгеден асып, 11,5%-ға артты.
Өз кезегінде, есептіп кезеңінде жүк айналымының көлемі 1,7% өсіммен 339,3 млрд ткм құрады. Жолаушылар айналымының көлемі - 4,7% өсіммен 167,6 млрд ткм.
Сондай-ақ, комитетте түрлі салаларда өндіріс көлемінің өсуі жөнінде мәліметтер берілді. Мәселен, көлік саласында өсім 5,4%-ды, байланыс саласында – 2,6%-ды, саудада - 7,5%-ды құрады.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





