Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мерекеленіп жатыр

829
Фото:kazakh-zerno.kz

Қазақстанда 2016 жылдың 7 мамырында Отан қорғаушылар мерекесін атап өтіп жатыр. «Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекелік күнтізбемізде бірінен кейін бірі қатар тұрғаны жайдан-жай емес. Бұл халқымыздың барлық ұрпақтарының даңқты әскери дәстүрінің сабақтастығын білдіреді» деді Н.Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып.

1992 жылы 7 мамырда қорғаныс комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылған болатын. Дәл осы күні Қазақстан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. 2012 жылдың 4 қазанында ҚР Парламенті 7 мамырды мемлекеттік мерекелер қатарына қосты.

Айта кетейік, Назарбаев кеше Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысты. Мемлекет басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтады. «Ежелден бері Отан қорғаушылар абырой мен қайсарлық, батылдық пен ерлік, патриотизм мен өз халқына ұдайы қалтқысыз қызмет еткен. Қазақстандықтар еркіндік пен тәуелсіздік үшін өздерінің өмірін сарп еткен батырлардың ерліктерін мәңгі есте сақтайды. Аталарымыз бен әкелеріміздің қажырлы марапаттары — бұл қазақстандық отбасылар үшін баға жетпес жәдігер. Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекелік күнтізбемізде бірінен кейін бірі қатар тұрғаны жайдан-жай емес. Бұл халқымыздың барлық ұрпақтарының даңқты әскери дәстүрінің сабақтастығын білдіреді», — деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.