Қазақстанда теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме көтерілді

Астана. 27 қазан. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді ұлғайтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Хабарланғандай, бұл шешім Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені көтеруіне байланысты қабылданды.

Жаңа ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер ағымдағы жылдың 27 қазанынан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 26 қазанда Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.