Қазақстандағы 2018 жылдың ең үздік 7 интернет алаңы

12

Сарапшылардың пікірінше, интернетті пайдаланудың артуы, түрлі санаттағы өнімдердің онлайн-сауда форматына өтуі –  таяу жылдары нарықтың дамуын анықтайтын негізгі трендтер болмақ. 

1. Kaspi.kz

2017 жылғы түсім: $168,1 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: 586%
Орташа айлық қатысушылар саны: 2 923 804
Орналастырылған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 77 000
Орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 48 000
Орташа чек: $291,4
Санат: Маркетингплейс
Сектор: сауда алаңы
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офисі және іске қосылған жылы: Алматы, 2014
Қамтитын аумағы: Бүкіл Қазақстан

Бүгінгі таңда Kaspi экожүйесінің 5 млн-ға жуық клиенті бар. “Kaspi дүкен” – Kaspi.kz онлайн-платформасының бір бөлігі. Ол қаржы қызметтерін, онлайн-төлемдерді, мобильді қосымшаны, бонустық бағдарламаны қамтиды. “Kaspi дүкен” әр түрлі сатушылардың тауар бағасын салыстыруға, қолайлы нұсқаны таңдауға, сатып алуды бөліп немесе несиеге ресімдегісі келген жағдайда, сондай-ақ тауарды кеңсеге немесе жұмысқа жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік туғызады.

2017 жылы интернет-дүкен, төлемдер, банк сұрақтары, бонустық бағдарлама, “Kaspi Гид” сұрақ-жауап сервисі және Kaspi Bank бөлімшелері, терминалдары мен “Kaspi Maps” барлық банктерінің банкоматтарын іздеу бойынша сервисті біріктірген мобильді қосымша іске қосылды. Қараша айында 2017-ші “Kaspi Жұма” өтті. Онда Kaspi.kz арқылы дүкен ассортиментінің кез келген тауарын 24 айға пайызсыз және алдын ала төлемсіз сатып алуға мүмкіндік берілді. Акциядағы үш күн ішінде 20 млрд теңгеге 250 мың тапсырыс қабылданды

2018 жылы дүкен Kaspi.kz “Қазпошта”АҚ нұсқасы бойынша Қазнеттің интернет-дүкендері арасында бірінші орынды иеленді. “Kaspi дүкен” үшін жылдың маңызды оқиғалары қатарына Kaspi Gold төлемінің қосылуы, жаңа 15 қалаға банк филиалын кеңейту, ассортиментті қосу (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары, шиналар), “Kaspi Доставка” сервисін дамытуды жатқызамыз.

2. Aviata

2017 жылғы түсім: $68,6 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: $72%
Орташа айлық қатысушылар саны: 360 176
Орналастырылған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 73 920
Орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 38 400
Орташа чек: $148,9
Санаты: билет сату
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офисі және іске қосылған жылы: Алматы, 2013
Қамту аймағы: Қазақстан

Авиакомпания рейстерге билеттер іздеу және брондау қызметі бойынша 300-ден астам, ал 2014 жылдан бастап теміржол билеттерін сату қызметімен айналысады. Aviata-мен бірге жұмыс істейтін авиатасымалдаушылар қатарында Air Astana, “Аэрофлот”, Lufthansa, Turkish Airlines, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан лоукостерлер бар. Сервис бұдан бөлек сақтандыруды ресімдеу және қонақ үйлерді брондау мүмкіндігін ұсынады.

Aviata 2017 жылы теміржолға қатысты қосымшаларын, Aviata Ventures қазақстандық интернет стартаптарын қолдау бағдарламасын іске қосты. Билетті тікелей сайтқа немесе анықтама орталығына хабарласпай қайтару мүмкіндігі енгізілді. 2018 жылдың басты оқиғасы – Chocotravel жобасымен біріккен жоба құруы болды. Оның жиынтық айналымы $100 000 000 млн. асады.

3. Air Astana

2017 жылғы түсім: $64,6 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: $ -14%
Орташа айлық қатысушылар саны: 679 058
Орналастырылған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 38 361
Орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 38 361
Орташа чек: $344
Санаты: Жолаушылар тасымалы
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офисі және іске қосылған жылы: Алматы, 2001
Қамту аумағы: бүкіл әлем

“Эйр Астана” 2002 жылы мамырда рейстерді уақытылы ұшыруға тұрақты түрде кірісті. Қазіргі уақытта оның маршруттық желісі Алматы мен Астанадан орындалатын 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Ал 2018 жылы Атыраудан Франкфуртқа, Астанадан Түмен мен Қазанға рейстер іске қосылды. AirAstana әуе флоты Boeing, Airbus, Embraer ұшақтарымен жабдықталған. Бүгінгі күні авиапаркте 32 ұшақ бар. 2018 жылдың соңына қарай оны 36 лайнерге дейін ұлғайту жоспарланды.

2017 жылы AirAstana жолаушылары Boeing-767 бортындағы жоғары жылдамдыққа қол жеткізді. Бұл Inmarsat ‘ s Global Xpress (GX) Aviation мүмкіндіктерін пайдаланатын Rockwell Collins кабиналық жүйесін орнатты. Әуекомпанияның сайтында “Үндістан” аймағы іске қосылды. Stopover пакеттері кеңейтілді, аяққа арналған қосымша кеңістік және MySeat шығу жанында ыңғайлы орналасуы бар орындар сатылуда, онлайн-ойындар пайда болды. 2018 жылдың маңызды оқиғасы – мобильді брондау формасындағы жаңа мүмкіндіктері бар мобилді қосымшаны іске қосу.

4. Chocolife.me

2017 жылғы түсім: $55,2 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: $38%
Орташа айлық қатысушылар саны: деректер жоқ
Орналастырылған және орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: деректер жоқ
Санаты: билеттерді сату, купонатор, тамақ жеткізу, байланыс линзаларын сату, дәрігерлер іздеу қызметі
Сектор: Интернет-дүкен, сауда алаңы, маркетплейс
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі кеңсе және іске қосылған жылы: Алматы, 2010
Қамту аумағы: Бүкіл Қазақстан

Chocofamily – Қазақстандағы ең ірі e-commerce-холдинг. Оның құрамына Chocolife купондық сервисі, Chocotravel әуе және теміржол билеттерін онлайн сату сервисі, Chocofood тамақ жеткізу сервисі, Lensmark байланыс линзаларының интернет-дүкені, дәрігерлерді тегін іздеу сервисі iDoctor.kz кіреді.

2017 жылы холдинг айналымы 18 млрд.теңгеден асты. Ол 700 млн теңгеге инвестиция тартудың үшінші раундын өткізді. Chocofood және Foodpanda Kazakhstan компаниялары Chocofood ортақ брендімен бір алаңға біріктірілді. 2017 жылдың қарашасынан бастап жеткізу қызметі іске қосылды, курьерлерге арналған тапсырыс модулі және серіктестерге арналған тапсырыстарды қабылдау модулі (Android, десктоп) әзірленді.

2018 жылы Chocotravel мен Aviata әуе және теміржол билеттерін онлайн-сатып алу сервисін біріктіру бойынша мәміле жасалды. Chocotravel және Aviata біріккен компаниясы Қазнет тарихындағы ең ірі компания болды. Сонымен қатар, Chocofamily “Рахмет” мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл телефон арқылы мекемелерде шоттарды төлеуге және әрбір төлемнен кешбэк алуға мүмкіндік береді. Жыл соңына қарай жобаға 5000 серіктес қосу, ал 2019 жылдың көктеміне қарай 1 млн пайдаланушы жинау жоспарлануда.

5. Avon Cosmetics Kazakhstan

2017 жылғы түсім: $44,2 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: $2%
Орташа айлық қатысушылар саны: 137 663
Орналастырылған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: деректер жоқ
Орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 1 112 438
Орташа чек: $46,2
Санаты: салалық дүкендер
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі кеңсе және іске қосылған жыл: Лондон, 1886
Қамту аймағы: Бүкіл Қазақстан

“Avon Cosmetics Kazakhstan” ЖШС Қазақстанда 2003 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Бұл компания Avon Products Inc корпорациясының мүшесі саналады және Avon сауда маркасының өнімдерінің ресми дистрибьюторы. Avon – тікелей сату саласындағы ең табысты косметикалық компаниялардың бірі. Әлемнің 100 еліндегі 6 млн-нан астам өкілден $10 млрд айналым түсірген.

Жыл сайын Avon Қазақстан нарығында өзінің сатып алушыларына 600-ден астам косметика, парфюмерия және бет, дене және шаш күтіміне арналған құралдар мен киімдер ұсынады. Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тауарлармен компанияның қағаз нұсқасында да, корпоративтік сайтында да, тұрақты жаңартылып отыратын каталогтары арқылы танысуға болады. 2017 жылдың маңызды оқиғасы – пуш-хабарламалардың интеграциясы. 2018 жылы компания Telegram ботын, WhatsApp арқылы тарату және тапсырыс беру үшін арнайы каталогты іске қосты.

6. “Tickets.kz

2017 жылғы түсім: $38,8 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: $292%
Орташа айлық қатысушылар саны: 282 891
Орналастырылған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: 33 163
Орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: деректер жоқ
Орташа чек: $97,5
Санаты: билет сату
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі кеңсе және іске қосылған жылы: Вена, 2009
Қамту аймағы: 30-дан астам ел

Tickets.kz – Еуропаның туристік онлайн-агенттіктерінің бірі Tickets Travel Network холдингінің құрамына кіреді. Холдинг ұсынатын сервистер тізіміне әуе, теміржол және автобус билеттерін, іс-шараларға билеттер, сақтандыру өнімдерін сатып алу, қонақ үйлерді брондау, автомобильдерді жалға алу кіреді. Tickets.kz платформасы брондау жүйесін, бизнес-логистиканы және төлем шлюздерін біріктіреді. Сервисті халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) аккредиттеді. Холдингтің технологиялық серіктестері әлемдік туризм индустриясының көшбасшылары: Sabre, Amadeus, Travel Port, Sirena, ERV, ұлттық авиакомпаниялар, теміржолдар және халықаралық автобус тасымалдаушылары.

2017 жылы сервис сатылымы төрт есе өсім көрсетті және сайтта жарнама орналастыра бастады, 2018 жылы теміржол билеттерін сату бойынша iOS және Android үшін қосымша іске қосылды.

7. Купишуз

2017 жылғы түсім: $30,5 млн
2017 жылғы түсім айырмашылығы: $ -55%
Орташа айлық қатысушылар саны: 1 011 000
Орналастырылған және орындалған онлайн-тапсырыстардың орташа айлық саны: деректер жоқ
Орташа чек: $100,5
Санаты: Киім
Сектор: Интернет-дүкен
Мобильді бағдарламалар: iOS, Android
Негізгі офис және іске қосылған жылы: Мәскеу, 2011
Қамту аймағы: Бүкіл Қазақстан

Компания киімнің, аяқ киімнің, аксессуарлардың, үйге арналған заттардың, бьюти-өнімдердің жетекші қазақстандық онлайн-ретейлері. Олар тұтынушыларға 3000 халықаралық және жергілікті брендтердің 4 млн-нан астам тауарын ұсынады. Интернет-дүкен бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу, тапсырысты алу кезінде қолма-қол ақшамен және банктік картамен төлем жасау, онлайн алдын ала төлем жасау, сатып алу немесе ішінара сатып алу алдында өлшеу мүмкіндігін береді. 2012 жылдан бастап компания Lamoda Express жеткізу қызметін дамытып келеді. 2013 жылдан бастап интернет-дүкеннің клиенттері өз тапсырыстарын Lamoda Point өзі тасымалдау пункттері арқылы ала алады. Пункттер Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанайда жұмыс істейді. 2017 жылы компания Алматыда тауар беру пунктінің екеуін және тағы да екеуін Астанада ашты.

2018 жылға арналған жоспарда Қазақстан бойынша өзін-өзі тасымалдау пункттерінің желісін дамытуды жалғастыру, мобилді қосымшада тауарларды іздеу үшін жасанды интеллект технологиясын пайдалану, Lamoda Friends & Family фестивалін өткізу бар.

Бұдан кейінгі орындарда келесі интернет алаңдары тұр:

Рет саны Интернет алаң атауы Санаты
8  technodom.kz Электроника
9  sulpak.kz Электроника
10  wildberries.kz Интернет-дүкен
11  shop.kz Электроника
12  alser.kz Электроника
13  kolesa.kz. krisha.kz, market.kz Классифайд
14  epay.railways.kz Жолаушы тасымалдау
15  santufei.com Билет сату
16  kz.oriflame.com Салалық дүкендер
17  scat.kz Жолаушы тасымалдау
18  ticketon.kz Билет сату
19  otto-trade.kz, quelle-kz.ru, bonprix.kz Киім
20  flip.kz Салалық дүкен
21  mechta.kz Электроника
22  fora.kz Электроника
23  satu.kz Сайт конструкторы арқылы сату алаңы
24  oe.kz Интернет-дүкен
25  olx.kz Классифайд