Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Айдын Рақымбаев

Айдын
Фото: tengrinews.kz

Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев — қазақстандық бизнесмен және Astana Motorsports президенттік клубының ұшқышы, «Аналар үйі» қоғамдық қорының бастамашысы және қамқорлық кеңесінің төрағасы.

1972 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген.

Білімі

1995 жылы — Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдады.

2002 жылы — Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы

Құрылыс бригадасында жұмысшы, шебер, тас қалаушы, бригадир болып еңбек жолын бастаған.

1995-2001 жылдары — «АзТЭК» трейдингтік компаниясында қызметкер болды.

2001-2003 жылдары — «АБК Курылыс» ЖШС директоры болып тағайындалды.

2003-2005 жылдары — «Билд Инвестментс Групп» ЖШС директоры болып қызмет етті.

2005-2006 жылдары — «Golf Country» ЖШС директоры болып тағайындалды.

2006-2007 жылдары — «BI-Village» ЖШС директоры болып қызмет атқарды.

2007 жылдан бері — «Build Investment Group» холдингінің президенті болып қызмет етеді.

Басқа да қызметтері

Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы болды.

2006-2010 жылдары — ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.

2007 жылы — «Атамекен» одағының төрағасы болып қызмет етті.

2008 жылдан бері — «Иртышский химико-металлургический завод» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені,
  • «Астананың 10 жылдығы» медалі,
  • «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» медалі,
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталған.

Отбасы

Жұбайы — Рахимбаева (Аманжолова) Анар Амангелдіқызы. Балалары: қызы – Аружан (2004 ж.); ұлдары – Әлихан (1993 ж.) және Арыстан (2004 ж.).

Дереккөз: spb.dolgostroyunet.ru, ru.wikipedia.org,