Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Алмас Сұлтанғазин

234
Фото: magazine.asiakz.com

Сұлтанғазин Алмас Өмірзақұлы — 1964 жылы 2 шілде күні дүниеге келген.

Білімі:

1986 жылы — Новосібір мемлекеттік университетін бітірген.

1988 жылы — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

2006 жылы — Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтады.

2008 жылы — Стокгольм экономика мектебі бітірді.

Еңбек жолы және кәсіпкерлігі:

1992 жылы — Алмас Сұлтанғасын Андрей Пакпен бірлесіп Sulpak компаниясының негізін қалаған. Sulpak атауы құрылтайшылардың ата тектерінің алғашқы буындарының қосындысында пайда болған.

Бастапқыда Sulpak Қазақстанның орталық қалаларында электроника мен тұрмыстық техниканың көтерме саудасымен айналысты. Ал 2001 жылдан бастап компания елдің барлық аймақтарында электроника мен тұрмыстық техниканы сататын бөлшек сауда дүкендерінің желісін дамыта бастады.

2010 жылы ресейлік Игорь Яковлев Sulpak-тың 51% акциясын сатып алады да, сол кездегі Sulpak-тың еншісіндегі 37 дүкен жақында ғана құрылған “Arena S” компаниясының қарамағына өтеді.

Басқа да қызметтері:

2016 жылы экранға жол тартқан Наурыз.kz фильміне продюссерлік етті.

Республикалық физика-математика мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі болған.

2017 жылдан бастап — Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Бақылау кеңесінің мүшелігіне сайланды.

Отбасы:

Әкесі — Сұлтанғазин Өмірзақ Махмутұлы. Көрнекті ғалым-математик, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, сәуле шығару теориясы саласындағы қазақстандық ғылыми мектептің құрушысы болған.

Алмас Сұлтанғазин үйленген. Арман есімді ұлы 1986 жылы туған.

Арман Сұлтанғазиннің “Эстафета” фирмасы арқылы Sulpak желісінде үлесі бар.

Активтері:

Кәсіпкерге Sulpak сауда маркасымен «Arena S» ЖШС және Alser сауда маркасымен «Gulser Computers» ЖШС мажоритарлық үлестер тиесілі. Universal және Paramount Pictures, Warner Bros. өкілдігі болып табылатын «Sulpak Cinema» ЖШС-де, «High Tech Commerce» ЖШС-де және ABE Media Group жарнама агенттігіндегі үлестері бар.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 43 сатыға орналасты. Өткен жылы бизнесменнің жағдайы 91 млн долларды құраған.

Дереккөздер: forbes.kzdsm.gov.kz.