Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Бауыржан Исабаев

70
Фото: www.caravan.kz

Исабаев Бауыржан Әбдірашитұлы — 1972 жылы 5 қазанда дүниеге келген.

Білімі:

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.

Қазақстан Республикасының Қаржы академиясын тәмамдаған.

Ғылыми атағы:

Іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолы:

1995-1998 жылдары – «АзТЭК» ЖШС директорының орынбасары ретінде жұмыс істеді.

1998-2003 жылдары – «АБК-Жемчужина»  ЖШС директоры лауазымына тағайындалды.

2003-2007 жылдары – «АБК-Құрылыс» ЖШС құрылыс корпорациясының басшысы қызметін атқарды.

2007-2010 жылдары – «Билд Инвестментс Групп» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2010-2014 жылдары – «BI-Holding» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі  болды.

2014-2015 жылдары – «BI Group Construction» холдингінің Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2015 жылы — BI Construction, BI Road Construction компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы, BI Group Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Спорттық жетістіктері:

2008, 2013, 2015 жылдары — Париж-Дакар ралли Қазақстан құрамасының мүшесі;

Автоспорт бойынша спорт шеберіне үміткер;

2008 жылы — Қысқы тректі автожарыс бойынша ҚР ашық кубогының жеңімпазы;

2007 жылы — Марокко — 2007 ралли-рейдінен әлем чемпионатының қатысушысы;

2016 жылы — Жібек жолы халықаралық ралли-рейдінің қатысушысы;

2016 жылы-  IRONMAN Vichy — 2016 триатлон жарысына қатысушы;

BI Marathon, Almaty Marathon және Astana Marathon қатысушысы.

Депутаттық лауазымдары:

2007-2016 жылдары — № 17 округ бойынша III, IV, V шақырылымдарда  Астана қаласы мәслихатының депутаты.

Марапаттары:

  • ҚР Құрметті құрылысшысы атағы;
  • «Ерең еңбегі үшін»
  • «Астананың 10 жылдығы»
  • ҚР Индустрия және сауда вице-министрі атынан «Көп жылдық еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері, ұйымның жаңа нысандары мен әдістерін енгізу бойынша үлкен және жемісті жұмысы үшін» Құрмет грамотасы.

Отбасы:

Үйленген, 6 баласы бар.

Активтері:

Бауыржан Исабаев — BI Group көпсалалы холдингінің негізін қалаушы.

Айдын Рахымбаев(№14 рейтинг) және Асхат Омаровтың (№47) серіктесі.

Холдинг 1995 жылы құрылды. Қазіргі уақытта BI Group еншілес компаниясы – «Kazpaco» ЖШС теңіздегі болашақ кеңейту жобасында (ККЖ) жұмыс істейді.

Бизнесмен — Astana Motorsports президенттік клубының ұшқышы, «Ана үйі» жобасының қатысушысы.

2018 жылы Forbes сайты құрған рейтинг бойынша  Бауыржан Исабаевтың жағдайы 115 млн долларды құраған.

Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz