Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Сайдолла Қожабаев

81
Фото: alageum.com

Сайдолла Ілиясұлы Қожабаев  — 1959 жылы 15 мамырда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Кентау политехникалық колледжін бітірген.

Еңбек жолы:

Түркістан қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін ол депоға токарь қызметіне келді. Әскерде қызмет еткеннен кейін тағы да «Ачполиметалл» комбинатына жұмысқа кіреді.

1997 жылы 38 жасар Сайдолла Қожабаев Кентау трансформатор зауытының (ҚТЗ) банкрот алдындағы жай-күйіндегі акциялардың бақылау пакетін сатып алу жөнінде шешім қабылдады.

Активтері:

Сайдолла Қожабаев — «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Электромонтаж» АҚ, «ПромЭнерго» жобалау институты, «Орал трансформатор зауыты»ЖШС кіретін — Alageum Group негізін қалаушы және бақылаушы иесі.  Қыркүйек айында Шымкент қаласында Asia Trafo жоғары кернеулі трансформаторлық жабдықтар шығаратын жаңа зауыттың салтанатты ашылуы өтті.  Жобаның құны — 19 млрд теңге, қаржыландырудың бір бөлігін ҚДБ ұсынды.

Дереккөз: forbes.kz