Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Сергей Терещенко

26
Фото: shymkent.atameken.kz

Терещенко Сергей Александрович – 1951 жылы 30 наурызда Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1973 жылы — Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Ғылыми атақтары:

1993 жыл — Экономика ғылымдарының кандидаты.
2001 жыл — Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (ХАА, Алматы).

Еңбек жолы:

1973-1975 жылдары — Шымкент облысы Түлкібас ауданы Күйбішев колхозының бас инженері болып жұмыс істеді.
1975-1979 жылдары — Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне тағайындалды.
1979-1981 жылдары — Түлкібас аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі ретінде жұмыс істеді.
1981-1983 жылдары — Бугун аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болды.
1983-1985 жылдары — Ленгір аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы міндетін атқарды.
1985 жылы — Қазақстан Компартиясы ОК ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің инспекторы лауазымына тағайындалды.
1985-1986 жылдары — Шымкент облыстық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.
1986-1989 жылдары — Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1989-1990 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болды.
1990 жылы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары ретінде еңбек етті.
1990 жылы — Қазақ КСР Президентінің орынбасары, Қазақ КСР Президенті Кеңсесінің Басшысы лауазымына сайланды.
1990 жылы — Қазақ КСР Президенттік кеңесінің мүшесі болды.
1990-1991 жылдары — Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1990-1991 жылдары — Шымкент облыстық кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
1992-1993 жылдары — Қазақстан Республикасының шетел Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің төрағасы ретінде еңбек етті.
1993-1994 жылдары — Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.
1991-1994 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
1994 жылы — «Интеграция» халықаралық қорының Басқарма төрағасы болды.

Басқа да қызметтері:

1998-2008 жылдары — «БанкЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
1999 жыл — «Қазақстан Республикасы Президенттігіне Н. Ә. Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб» ҚБ төрағасы болып еңбек етті.
2001 жыл — «Трансаэро «АК» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет етті.
2002-2006 жылдары — Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары болды.
2003 жыл — «Қазақстанның индустриялық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып қызметін атқарды.
2004 жыл — Қазақстанның Орыс, славян және казак бірлестіктері қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды.
2004 жыл — Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығына қатысушылар қауымдастығының президенті болып сайланды.
2005 жыл — «Бәйтерек» БК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмыс істеді.
2005 жыл — «Vita» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде тіркелді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі ретінде қызмет етті.
Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болды.
«Трансавиатур» туристік фирмасының Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қауымдастығының төрағасы («Қорамсак») болды.
2008 жыл — «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің төрағасы ретінде жұмыс істеді.

Депутаттық лауазымдары:

11-12-ші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Партиялық қызметі:

1975-1991 жылдары — КОКП ОК мүшесі болды.
1990-2002 жылдары — «Отан» РПП төрағасының міндетін атқарды.
1999 жыл — «Нұр ОТАН» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.

Марапаттары:

  • 1984 жыл — «Тың жерлерді игергені үшін» медалі.
  • 1999 жыл — Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.
  • 1999жыл — 1-ші дәрежелі «Достық» .
  • 2004 жыл — «Дружбы» (Ресей Федерациясы).
  • 2005 жыл — 2-ші дәрежелі «Барыс» .
  • 2011 жыл — «Қазақстанның Еңбек Ері» Атағы.
  • 2011 жыл – Халық Қаһарманы.
  • Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы.
  • 2014 жыл — Алматы қаласының Құрметті азаматы.

Ғылыми, әдеби еңбектері:

1993 жыл — «Казахстан: реформа, рынок»
1999 жыл- «Социал-демократия: история, теория, практика»
1999 ыжыл — «Казахская земля — колыбель моя (Книга жизни)»
2004 жыл — «Арифметика успеха. Алгебра власти»

Әскери шендері:

Запастағы Полковник

Отбасы:

Әйелі — Терещенко Евгения Григорьевна, 1950 жылы туған.

Балалары:
Нина -1974 жылы туған.
Елена — 1978 жылы туған.

Активтері:

Сергей Терещенко — «Интеграция» халықаралық қоры » ЖШС басқарма төрағасы және түпкі бенефициары. «Шах» «Қазақстан-Ресей БК» ЖШС, SDT Group, Sun-Bee Altai (бал өндірісі), «VITA Жетісу» ЖШС (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы), құрылыс ЖШС «Европолис Инвест», көлік-логистикалық Trans Caspian Resource, «ХолдингД&T» ЖШС-де үлесі бар, «Отандастар Тараз» (қонақ үй қызметтері) компаниясына иелік етеді.

Кәсіпкер — Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қауымдастығының төрағасы. Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы. Ауыл шаруашылығы Министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі (су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі комиссияға жетекшілік етеді), Боао форумының негізін қалаушылардың бірі.

Сондай-ақ, бизнесмен — Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы және Израиль консулы.

Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz