Қазақстандағы шаруаларға жерді жалға алу шарттары жеңілдетілді

239
шетелдіктер
Фото: rumetrolog.ru

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін жалға алу ережелерінен шаруаларғабанктік кепілдік беру туралы норма алынып тасталды, деп хабарлады «Атамекен»ҰКП баспасөз қызметі.

«2019 жыл 20 қаңтарда күшіне енген норманың салдарынан бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген кәсіпкер шаруа немесе фермерлік қожалықпен айналысуға жер ала алмай келген. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, байқауларды жүргізу ережелеріне мынадай талаптар енген: кәсіпкер бизнес-жоспармен қоса әкімдікке банк кепілдігін немесе несие комитетінің тартылған инвестициялар көлемін растау туралы оң шешімін беруге міндеттелді», — – делінген хабарламада.

Сәуір айында «Атамекен» Қазақстан Үкіметіне жүгінді, содан кейін ережелерді қайта қарау туралы шешім қабылданды.

«12 тамызда банк кепілдігі туралы талаптар алынып тасталды, бұл өзгерістер ресми жариялымнан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді», — деп нақтылады Ұлттық палата.

Сондай-ақ, жер телімдерін бөлуге конкурстар өткізу туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

 «Бизнес-жоспар, қаржы сынды қолында барлық ресурстары бар, дамуға, кәсіп ашуға, оны кеңейтуге дайын кәсіпкер бірнеше ай бойы байқаудың өтуін күтуге мәжбүр болған. Шаруа бос жер телімдердің бары туралы білмеді. Алайда, мәселен, Қызылорда облысында жыл басынан маусым айына дейін байқаулар тіптен жүргізілмеді, бос жерлер тізбесі құрылмады. Осындай заңнамалық олқылық бізден көмек сұраған кәсіпкерлерге кедергі болып отыр», – деді Ербол Есенеев.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, конкурстарды өткізу ережесіне норма енгізілген, оған сәйкес жер телімдерінің тізбесі жыл басында және ары қарай – бос жер учаскілері болса, жылына ең кемі екі рет құрылады.