Қазақстандық банктерде депозиттер көбеюде

депозиттер
Фото: kapital.kz

Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 27,7 трлн теңгеге дейін 2,3%-ға ұлғайды. Бұл туралы ҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары– 14,1 трлн теңгеге дейін 2,1%-ға, жеке тұлғалардікі – 13,6 трлн теңгеге дейін 2,5%-ға артты. 

Валюталық салымдар 10,6 трлн теңгеге дейін 8,9%-ға өсті, ал ұлттық валютадағы депозиттер 17,1 трлн теңгеге дейін 1,5%-ға төмендеді.

Нәтижесінде, депозиттердің долларлануы ақпан айында  38,4%  болды.