Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті 2%-ға ұлғайтты

өндірісті
Фото: tuinterfaz.mx

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 11,8 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өсім 2%-ды құрады.

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өндірісі 0,7%-ға өсті.

Ал, өңдеу өнеркәсібі өнім шығаруды 3,6%-ға ұлғайтты. Баспа және жазылған материалдарды шығару көлемі 38,4%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 23,0%-ға, сусындар өндірісі – 18,9%-ға, машина жасау – 16,0%-ға, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі және сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі – 12,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі – 12,0%-ға және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі – 3,4%-ға өсті.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өндірістің өсуі 1,3%-ды құрады, негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату (1,8%-ға) есебінен.

Өндіріс көлемінің төмендеуі Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында байқалды. Өсу республиканың 11 өңірінде тіркелген.