Қазақстандық компанияларға 2 трлн теңге инвестицияланды

инвестиция
Фото: script-money.ru

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz  – 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,1 триллион теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 7% артық.

Үш ай ішінде ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі 860,3 млрд теңгені құрады.

Ал жаңа жабдықты сатып алуға 556,4 млрд теңге жұмсалды, басқа да шығындар 709,5 млрд теңгеге жетті.

Бұл ретте, егер жөндеу шығындары 2018 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,3%-ға, жаңа техникаға – 24,4%-ға төмендеген болса, бұл пункттерге кірмейтін шығындар 92,1%-ға ұлғайды.