ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Қазақстандық мұнай экспортынан түскен түсім 45%-ға өсті

Шикізаттың ең үлкен көлемі Италияға жеткізілді.

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 46,4 млн тонна шикі мұнайды шамамен 24,3 млрд долларға экспорттады.

Сатылған шикізаттың жалпы құны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,4%-ға артты.

Ресурстардың ең үлкен көлемі Италияға жеткізілді. Бұл ел Қазақстаннан 7,3 млрд долларға 13,8 млн тонна мұнай сатып алды.

Сонымен қатар, Нидерланды 3,6 млрд долларға 6,8 млн тонна шикізат, Франция – 2,3 млрд дооларға  4,3 млн тонна, Швейцария – 1,6 млрд долларға 3,4 млн тонна, Корея Республикасы – 1,7 млрд долларға 3 млн тонна шикізат алды.

Өз кезегінде Испанияға 2,3 млн тонна (1,2 млрд доллар), Румынияға – 2,1 млн тонна (1 млрд доллар), Грекияға – 1,4 млн тонна (759,7 млн доолар), Польшаға – 997,9 мың тонна (496,8 млн доллар), Литваға – 906,1 мың тонна (455,8 млн доллар), Қытайға – 867 мың тонна (414,7 млн доллар), ал Жапонияға – 804,7 мың тонна (441,9 млн доллар) шикі мұнай жеткізілді.

Tags

Осы айдарда

Close