Қазақстандықтар банктерге қанша қарыз

37
Қазақстандық
Фото: psm7.com

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Қазақстандықтар банктерге 713 млрд теңге қарыз. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаржы институттары жеке тұлғаларға 5,8 трлн теңге, заңды тұлғаларға 3,8 трлн теңге қарыз берді.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаржы институттары жеке тұлғаларға 5,8 трлн теңге, заңды тұлғаларға 3,8 трлн теңге қарыз берді.

Оның ішінде мерзімі өткен қарыздары бар несие көлемі (90 күннен астам) жеке тұлғаларда 441,4 млрд теңгеге, заңды тұлғаларда – 271,6 млрд теңгеге жетті. Осылайша, жалпы қарыз сомасы 713 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,7%-ға немесе 102,3 млрд теңгеге өсті.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың бір күннен 90 күнге дейін кешіктірген несие көлемі 267 млрд теңгені, заңды тұлғаларда – шамамен 79 млрд теңгені құрады.