Қазақстандықтар бір айда 269,5 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алды

39
269
Фото: Time.kz

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар шетел валютасында қолма-қол ақшаны (нетто-негізде) 269,5 млрд теңгеге баламалы сомада сатып алды (2019 жылғы қарашада — 307,5 ​​млрд теңге). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 79,5% немесе 214,3 млрд теңге, ресей рублін – 12,5% немесе 33,7 млрд теңге, еуроны – 7,7% немесе 20,7 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 12,3%-ға азайды. Валюта түрлері бойынша бөле отырып, доллар сатып алу шығындары 0,9%-ға, Ресей рублі – 44,5%-ға, Еуро — 30,7%-ға қысқарды.

Ұлттық Банкте 2019 жылдың желтоқсанында теңгенің биржалық айырбас бағамы бір доллар үшін 378,63–387,37 теңге аралығында өзгергенін атап өтті. 2019 жылғы желтоқсанның соңында теңгенің долларға шаққандағы биржалық бағамы бір айда 1,0%-ға нығайып, бір доллар үшін 382,6 теңгені құрады.

» Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 13,0 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,6 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,4 млрд АҚШ доллары болды. Бұл ретте бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,8% (2019 жылғы қарашада – 65,4%) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Бұл операциялар банк топбының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді», делінген Ұлттық Банк хабарламасында.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың желтоқсанында инфляция 0,7%-ды (2018 жылдың желтоқсанында – 0,7%) құрады. Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты (2018 жылдың желтоқсанында — 5,3%) және 4-6% мақсатты дәліз ішінде. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына баға жылдық мәнде 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға — 5,0%-ға, ақылы қызметтерге — 0,7%-ға өсті.