Қазақстандықтар ескі көліктерді жиі сатып алады

155
ЕАЭО
Фото: yandex.com

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың тоғыз айында 1,1 млн автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды «КазАвтоПром».

Одақтың мәліметтері бойынша, бұл 2018 жылдың үш тоқсанынан 12,6%-ға артық.

Сонымен қатар, тіркеулердің жалпы көлемінен 1 млн бірлік қайталама тіркеуге тиесілі, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,9%-ға көп. Алғаш рет тіркелген көліктердің үлесі 23,3%-ға 73,6 мың бірлікке дейін өсті.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша тіркелген автокөліктер саны 137,4 мың бірлікке жетті (2018 жылдың қыркүйегіне қарағанда 15%-ға артық). Оның 128,3 мыңы қайталама нарықтан. Қазақстанда электромобильдерге сұраныс 2,1 есеге қысқарды. 2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында электр тартымындағы 21 жеңіл автокөлік тіркелген.

2019 жылдың басынан бастап қайта тіркеуден өткен көлік құралдарының үштен екі бөлігінен астамы (69,5%) 10 жастан асқан көліктер болды, ең үлкен үлес 20 жастан асқан автомобильдерге тиесілі — 41,9% немесе 426 959 дана. 11 жастан 20 жасқа дейінгі көлік құралдары – 27,6% (281 257 бірлік), 4 жастан 7 жасқа дейінгі көлік құралдары – 20,5% (209 301 бірлік), 8 жастан 10 жасқа дейінгі көлік құралдары – 6% (60 874 бірлік), 1 жастан 3 жасқа дейінгі көлік құралдары – 3,5% (35 559 бірлік), 1 жасқа жетпегендер — 0,6% (5 768 бірлік) құрайды.

«Автомобиль нарығындағы мәмілелер динамикасы бұрынғысынша отандық парктің жоспарлы қартаю үрдісінің куәсі болып отыр. Осылайша, қайталама нарықта қайта сатудағы 20 жастан асқан көлік құралдарының үлесі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 39,6%-дан есепті кезеңде 41,9%-ға дейін өсті, ал 1 жастан 3 жасқа дейінгі көлік құралдарының үлесі 4,5%-дан 3,5%-ға дейін қысқарды», — деп атап өтті «КазАвтоПром».

Сондай-ақ, 2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша қайталама тіркеулердің ең көп саны Алматы облысында (155 466 бірлік), Алматы қаласында (127 061 бірлік) және Түркістан облысында (92 883 бірлік) тіркелді. 20 жастан асқан көліктердің ең көп санын Алматы облысының тұрғындары тіркеді (88 600 бірлік; 20,8%). Осы критерий бойынша Түркістан облысы (45599 бірлік; 10,6%) және Алматы (37 062 бірлік; 8,7%) алдыңғы үштікке кірді. Бір жастан кіші көлік құралдарының ең көп саны Алматыда (1 301 бірлік; 22,6%) және Нұр-Сұлтанда (717 бірлік; 12,4%) Атырау облысы (543 бірлік; 9,4%) қайта тіркелді.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, осы жылдың сегіз айында Қазақстанда 1 миллиард теңгеге 1,7 мың автомобиль ұрлығы тіркелген. Оның 761 миллион теңгесі бүгінгі күнге дейін өтелді. Алайда, өткен жылы бұл көрсеткіш 861 миллион теңгеге 1,6 мың ұрлық болған(641 миллион теңге өтелді).