Қазақстандықтар миллиардтаған теңгені долларға айырбастайды

12
доллар
Фото: Time.kz

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың маусым айында нетто-сату көлемі рекордтық 384,2 млрд теңгені құрады, яғни долларлық баламада 1 миллиард доллар болды, деп хабарлайды Ranking.kz.

Бұл өткен аймен салыстырғанда екі есе, ал 2018 жылдың маусымымен салыстырғанда шамамен бес есе көп. Өткен жылы тамыз айында нетто-сату 244,6 млрд теңге көлемінде болды.

ҚР барлық аймақтары өткен аймен және өткен жылмен салыстырғанда нетто-сату көлемінің өскенін көрсетті.

Америкалық валютаның «таза» сатылым көлемі бойынша дәстүрлі түрде мегаполистер көш бастап тұр. Бірінші орында – Алматы: 112,5 млрд теңге, бір айда 64,3%, бір жылда 3,6 есе өсіммен.

Екінші орында Нұр-Сұлтан: 47,8 млрд теңге, бір айдағы өсім – 2,6 есеге, өткен жылдың маусым айында «теріс» нетто-сату байқалды — минус 1,5 млрд теңге.

Шымкент көшбасшылар үштігін 43,4 млрд теңге көлемімен және бір ай ішінде 61,8% өсіммен тұйықтайды. Сонымен қатар, 2018 жылдың маусым айында бұрынғы ОҚО-да (қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласы) 13,1 млрд теңге болды.