Қазақстандықтар қанша алтын құймасын сатып алды

49
Қазақстандықтар
Фото: Pamm Trade

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Қазақстандықтар 2017 жылдан бастап 17,5 мың алтын құйма сатып алды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 2017 жылғы 31 мамырдан бастап 2019 жылғы 25 қазанға дейін банктер жалпы салмағы 523,3 кг болатын 13,2 мың өлшемді құйманы сатқан.

Сонымен бірге, айырбастау пункттері қазақстандықтарға салмағы 118,1 килограмға тең 4,2 мың құйманы сатты. Осылайша, жалпы алғанда, қазақстандықтар салмағы 641,4 килограмнан асатын 14,5 мыңға жуық алтын құймаларын сатып алды.

«Сатылған соманың ең үлкен үлесі — салмағы 10 грамм құймасы (33%), сатылған жалпы салмақ 100 грамм (59%) құйманы құрайды. Бұл ретте сату бағасы Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның айырбас бағамынажәне қатысушылардың өздері белгілеген алтын бағамына байланысты», – деп атап өтті Ұлттық Банк.