Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының жартысын алуға рұқсат етуі мүмкін

555
рұқсат
Фото: 1tv.ge

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың өздерінің зейнетақы аударымдарын мақсатты пайдалануы бойынша жоба аясында азаматтарға зейнеткерлікке шыққаннан кейін жинақталған соманың жартысын бір мезгілде алуға рұқсат беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов.

«Біз бүгінде неге зейнеткерлік жасқа жеткен және қорда зейнетақы жинақтары бар адамдар оларды ай сайын ғана ала алады деп ойландық. Үкімет жұмыс тобы мен Ұлттық банктің пікірін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткен және зейнетақы жинақтары бар адамдарға осы зейнетақы жинақтарының жартысын алып кетуге рұқсат беруді ұсынды», — деді Парламент Сенатындағы дөңгелек үстелде Нұрымбетов.

«Сонымен бірге, екінші жартысы плюс базалық зейнетақы, мемлекет төлейтін ынтымақты зейнетақы, барлық үшеуі зейнеткерлікке шыққан кездегі кірістің 40%-ынан кем болмауы керек», — деп толықтырды Нұрымбетов.

Бұған дейін вице-премьер Бердібек Сапарбаев, егер тиісті заң жобасы қабылданса, теория бойынша 102 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге, емделуге немесе білім алуға жұмсай алады деп мәлімдеді.

«Зейнетақы жинақтарын пайдалану жинақталған сомаға байланысты. (…) Онда қалу керек, бұл халықаралық еңбек ұйымының талабы, ең аз дегенде 40% (жинақтан). Жеткілікті сома шамамен 10-нан 12 млн теңгеге дейін. Мұндай адамдар бізде 102 мыңға жуық », — деді Сапарбаев.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының жинақтары 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10,8 трлн теңгені құрады (2018 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға өсті).