Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі, Cуару ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Ұлан Чортомбаев шекарадағы мәселелерге байланысты Қазақстан билігіне үндеу жасады.
Ол өзінің Facebook парақшасында қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде Қырғызстанда су аздығы өткір мәселе болып тұрғанын, осы себепті қырғыз тарапы су беруді тоқтатқаны туралы жазды. Ғалым дәлел үшін Талас ауданындағы Киров су қоймасының спутниктік суреттерін де жариялаған.
«Құрметті қазақ бауырлар!Сіздер біздің жүк көліктерді кеден бекеттерінен өткізбей, шекара бекеттеріңізде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр еттіңіздер. Оның себебін су беруді тоқтаттық деп түсіндіруде сіздер тарап. Көктемнен бері Киров және Орта-Токой су қоймаларынан үздіксіз су беріп тұрдық. Өзімізде су болмаса да екі ел арасындағы келісім, хаттама, міндеттемелерді толық орындадық. Көріп отырғаныңыздай, бұл Киров су қоймасының көктемде су толған кездегі алғашқы спутниктік суреті. Екінші фото бүгінгі күннің жағдайы. Су жоқ. Су жоқ болса не бере аламыз? Су бар кезде су берілмейді деп ойламаңыздар. Қазір 21 ғасыр. Барлығын спутник арқылы көруге болады. Бұл судың түбінде балықтар бар. Осы суды төгіп тастасақ, балықтар өледі. Өйткені, балықтың өмір сүруге құқығы бар. Бір-бірімізге бөгет жасамай, ағайындық қарым-қатынаста жұмысымызды жалғастырайық. Шекараларыңызды жаппаңыз, керісінше көліктердің жиі өтуіне мүмкіндік беріңіз. Ертең тағы да су қажет болады. «Ынтымақ бар жерде бірлік бар». Ырысымызға түкірмейік», деп жазды су саласының маманы.
Айта кетейік, тамыздың басынан бері Жамбыл облысына қырғызстандық "Кировский" суқоймасынан су жіберу тоқтады. Бүгін Жамбыл облысының алты ауданында су тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024