Қазақстанның алтын-валюта резервіндегі алтын қоры ұлғайды

288
28
Фото: promgeoplast.ru

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz — Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың екінші тоқсанында алтынға әлемдік сұраныс 1123 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 8%-ға жоғары, деп хабарлады EnergyProm.

Бірінші жартыжылдықта орталық банктердің рекордтық сатып алуына байланысты сұраныс артты.

Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметтері бойынша, алтынның әлемдік қоры тез қарқынмен өсіп жатыр. 2019 жылдың екінші тоқсанында орталық банктер 224,4 тонна алтын сатып алды.

Қазақстан 2019 жылғы қыркүйекте алтын-валюта резервтерінде алтын қоры бойынша 14-ші орында. Алтын-валюта резервтеріндегі алтын үлесі 63%-ға жетті. АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,4 мың тонна), Италия (2,5 мың тонна), Франция (2,4 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) алтын қоры бойынша көшбасшы орындарын сақтап қалды.

2019 жылдың сегіз айында Қазақстанда құрамында алтыны бар кен өндіру жылына 19,3%-ға артып, 16,4 млн тоннаны құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде құрамында алтыны бар 13,8 млн тонна кен өндірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айларында құрамында алтын бар 218 мың тонна концентрат өндірілді.

Тиісінше, секторда өндірістің өсуі байқалады. 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларында өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру 65,6 тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артық. Тазартылған алтын өндірісі жылына 8,9%-ға өсіп, 35,9 тоннаны құрады.