Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 7,5%-ке өсті

сауда
Фото: agrovesti.net

Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – Алдын-ала мәліметтер бойынша 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 19 млрд 114,4 млн долларды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 7,5% артық, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Есепті кезеңде ЕАЭО елдеріне қазақстандық экспорт көлемі 5 млрд 891,9 млн АҚШ долларын (бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 12%-ке артық), импорт — 13 млрд 222,5 млн долларды (+ 5,6% ) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 91,8%, Қырғыз Республикасына — 4,5%, Беларусь Республикасына — 3,6% және Армения Республикасына — 0,1% келеді.

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тауарларды еркін өткізу туралы базалық келісімдерді іске асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара саудасының оң нәтижелерін көрсететінін хабарлады. ЕАЭО елдерінен инвестиция ағыны да өсуде.

«2018 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінен инвестиция ағыны 31%-ке (941,5 млн доллардан 1,2 млрд долларға дейін) артты», — деп толықтырды Тимур Сүлейменов.