Қазақстанның мұнай экспорты 31,2 млрд долларға жетті

экспорты
Фото: netnews.vn

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қазан айында Қазақстанның мұнай экспорты 31,2 млрд долларға жетті, — деп хабарлайды LS.

2017 жылмен салыстырғанда экспорттық мұнай көлемі 47,3%-ға өскен. Статистика комитетінің мәліметінше, 10 айда 58,7 млн тонна шикі мұнай сатылған.

Елімізден мұнай сатып алу жағынан Италия көш бастап тұр  – 9,9 млрд долларға қара алтын алған. Ал Голландия 4,4 млрд долларға шикізат алса, Франция 3 млрд доллар жұмсаған. Швеция 2,2 млрд долларға мұнайй  алыпты. Сондай-ақ, Корея Республикасына 2 млрд долларға экспортталды. Испанияға – 1,4 млрд долларға, Румынияға – 1,2 млрд долларға, Грецияға – 879,5 млн долларға, Жапонияға – 757,1 млн долларға, Польшаға – 596 млн долларға, Қытайға 493 млн долларға қара алтын сатылған.