ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1Таңдаулы2

Қазақстанның сыртқы саудасы ЕАЭО елдерін басып озды

 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында еліміздің ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда көлемінің өсуі 25,8% құрады.

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан сыртқы сауда көлемінің өсуі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерін басып озды. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында еліміздің ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда көлемінің өсуі 25,8% құрады.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстаннан кейінгі орынға 23,6% көрсеткіші бар Армения, одан әрі Беларусь – 21,6% орналасқан. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 20,9% – ға , Қырғызстанда-15,5% – ға тең.

Жалпы одақта ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда көлемінің өсуі 21,4%-ды құрады.

Ал, өзара сауда көлемінің өсуі 11,9% – ға жетті, ал 2017 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 28,9% – ға тең болған.

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында ішкі сауда  12,4% болды. Сонымен қатар, Армения (21,5%) және Ресей (15,8%) көршілерімен тауар айналымын белсенді түрде ұлғайтты. Беларусьте өзара сауда көлемі 2,3% – ды, ал Қырғызстанда-0,9% – ды құрады.

Tags

Осы айдарда

Close