«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ туралы

165
Фото: www.matritca.kz

 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

2003 жылдың шілде айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Осы жылдың қыркүйек айында банктің филиал желісін дамыту және салымшыларды тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту бойынша кең көлемді жұмыс атқарылды.

2005 жылы банк алғашқы рет заем берді. Бұл — аралық заем еді. 2006 жылы шығынсыз қызметке көшіп, алғашқы тұрғын үй заемын берді. 2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандық банктердің алғашқысы болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. Сыртқы тәуелсіз сертификаттау органы бұл сертификатты жыл сайын растап отырады.

Тұрғын үй заемын беру мерзімі — 6 жылдан 25 жылға дейін. Айта кететін жайт, мемлекет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне сыйлықақы төлеп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы ынталандырылатын салым сомасының 20% көлемінде (бірақ 200 АЕК-тен артық емес).

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сенімділік, сенім, ашықтық және клиенттері әрі серіктестерімен өзара қарым-қатынасының жоғары сапасы қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін экономикалық тұрғыдан белсенді ел халқының кеңінен қамтылуына ұмтылады.

Банктің ұйымдастырушы құрылымына Алматы қаласындағы Орталық аппарат пен 17 аймақтық филиал кіреді.

Банктің миссиясы

Қазақстандық отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімді нығайту.

Банктің стратегиялық көрінісі

2023 жылы – тұрақты, жоғары технологиялы, клиентке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қағидаларын іске асыратын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына белсенді түрде қатысатын, халықтың кең ауқымын баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсететін банк.

Дереккөз: hcsbk.kz