Қазатомөнеркәсіп KASE-де 70 млрд теңге тартты

KASE
Фото: kursiv.kz

Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz — «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы KASE-ге жазылу арқылы 70 млрд теңге тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

«Жазылым» сауда жүйесінің модулінде KZ2C00006153 (KZAPb2, 1000 теңге, 70,0 млрд теңге, 4,00% — жылдық купон) халықаралық облигацияларын бастапқы орналастыра отырып, оларға жазылу арқылы жүзеге асырылды », — делінген хабарламада.

Сатушы «Halyk Finance» АҚ болды. Жазылым нәтижелері бойынша «Қазатомөнеркәсіп» жоспарланған барлық көлемді орналастырды.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте өткен SPO барысында «Самұрық-Қазына» қоры GDR формасында ұсынылған 9,863 млн «Қазатомөнеркәсіптің» қарапайым акциясын қағазына 13 доллар бағасымен орналастырды. Кеше Лондонда осы құралдардың сауда-саттығы 14,75 доллар шамасында жабылды.