Qazkom шығыны жарты жылда 570 млрд теңгеден асты

Қазком
Фото: dailynews.kz

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылың І жартыжылдығында Қазком 576,5 млрд теңге шығынға батты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал 2016 жылдың қаңтар-маусымында банк табысы 43,2 млрд теңге болған.

2017 жылдың алғашқы алты айында салық төлемі алынғанға дейінгі шығын 559,7 млрд теңгені құрады. Ал табыс көлемі 2016 жылдың аталған мерзімінде 59,1 млрд теңгені көрсеткен.

Таза пайыздық шығын 438,9 млрд теңгеге жетті. 2016 жылдың І жартыжылдығында  табыс көлемі 83,2 млрд теңге болып тіркелдіз.

Осы жылдың 30 маусымында банк активтері 4,1 трлн теңгені құрады. Яғни жыл басынан бері көрсеткіш 15,7 пайызға төмендеген.