Qazkom Тәжікстанда Faster ақша аударым сервисін іске қосты

Qazkom Тәжікстанда Faster ақша аударым сервисін іске қосты
Көрнекі сурет mpanikar.ru сайтынан алынды.

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк Тәжікстандағы өзінің еншілес банкі «Казкоммерцбанк-Тәжікстан» ЖАҚ-н екі ел тұрғындары арасында банктік шотты ашпай-ақ ақша аударымдарының көлемін едәуір ұлғайтатын Faster халықаралық ақша аударым сервисін іске қосты.

«Қазақстан мен Тәжікстан  арасындағы ақша аударымдары бұл тез дамитын транзакциялық банкингтің бір бағыты болып табылады. Тек 2016 жылдың ішінде республикалар арасында жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 72 мың ақша аударымдары орындалған. Нарықтың бұл сегментінің өсуін жобалай келе, біз Тәжікстандағы еншілес банкімізді Faster сервисіне қостық және Qazkom-ның тобындағы өзге де банктердіқосуды жоспарлап отырмыз», — деді Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.

Ақша аударымдарын Qazkom-ның тобындағы банктері бар елдерде Faster сервисіне қызмет көрсететін пунктері арқылы, сондай-ақ «Золотая Корона» және Intel Express ақша аударым сервистеріне қызмет көрсететін серіктес-банктердің желісі арқылы алуға және жіберуге болады. Ақша аударымдарының біріккен желісінде 49 мыңнан артық қызмет көрсететін пункт бар. Бүгінгі күні Faster аударым жүйесі 37 жақын және алыс шетелдерде қолданылады, олардың ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Украина, Турция, Франция,Ұлыбритания, Австрия және өзге де елдер бар.

Аударымдарды теңгемен, АҚШ долларымен, еуро және ресей рублімен жіберуге, қабылдауға болады. Бұл ретте аударымның ең үлкен сомасы теңгемен 3 млн, АҚШ долларымен 10 мың, еуромен 10 мың, ресей рублімен 500 мыңды құрайды. Сонымен қатар, теңгеден шетел валютасына конвертация жасауға болады.

Faster-дің басты артықшылығы ол оның жылдамдығы, ыңғайлылығы және тиімді тарифтері. Тарифтерді  алдын-ала банк сайтындағы калькулятордан есептеп алуға болады — http://qazkom.kz/kz/personal-banking/transfer/faster/calculator

Faster жүйесі арқылы ақшаны жіберу немесе қабылдау үшін банктік шоттың қажеті жоқ, бар болғаны аударымды орындаушының/қабылдаушының жеке басты куәландыратын құжаттың болуы керек.

Аударым сомасы, жіберуші және қабылдаушы туралы ақпарат – жете қорғалатын банктік құпия. Аударымның қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтау үшін аударымға ерекше нөмір мен құпия сөз беріледі (клиенттің ұсынысы бойынша).

* FASTER – 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің Реестрінде халықаралық ақша аударымдарының қызметін ұсынатын тіркелген төлем жүйесі.