Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Қостанай облысында 20 млрд теңгеге табиғи газды сұйылту зауыты пайда болуы мүмкін.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта жобаның техникалық сипаттамасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, жоба әзірленгеннен кейін оның орындылығы туралы шешім қабылданады.
"Газды сұйылту және криогендік жабдықтарды өндіру бойынша зауыт құрылысына жоспарланған инвестиция көлемі 20 млрд теңгеге бағаланады. Жобаның қуаттылығы жылына 40 млн текше метрді құрайды", - деп қосты басқарма.
Айта кетейік, кәсіпорында 450 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024