Қостанайда 3,1 млрд теңгенің екі жобасы тоқтады

Шымкентте
Фото: dribbble.com

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – Қостанай облысында 3,1 млрд теңгенің екі жобасы әлі күнге дейін іске асырылмаған.

Өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, Қостанай индустриялық аймағында 1 млрд теңгеге темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт салу жоспарланған.

«Бастамашы қажетті инфрақұрылымы бар жер учаскесін бөлу мүмкіндігі туралы хабардар болды. Алайда, қазіргі уақытта жобаны іске асыру бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ», – деп түсіндірді ведомствода.

Сонымен қатар, жаңа кәсіпорын жылына 100 мың шаршы метр темірбетон бұйымдарын шығаруға тиіс болатын.

Екінші жобаға келер болсақ, өңірде силикат кірпіш өндірісін жолға қою жоспарланған. Оның құны 2,1 млрд теңгеге бағаланды. Алайда, басқармадан хабарлағандай, бүгінгі таңда оны жүзеге асыру мәселесі де ашық күйінде қалып отыр. Зауыттың қуаты жылына 100 млн дана болуы тиіс еді.