Қостанайда трактор шығаратын зауыт іске қосылды

548
трактор
Фото: Prom.ua

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Қостанайда 7,3 млрд теңгеге трактор шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлады Қазақстандық автобизнес қауымдастығы.

Мәліметтерге сүйенсек, жаңа өндіріс индустриялық аймақта «Петербург трактор зауытымен» бірге ұйымдастырылған.

«Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Кәсіпорынның жобалық қуаты – 2025 жылға қарай оқшаулауды біртіндеп 50%-ға жеткізу кезінде жылына 700 бірлік техника. Үш кезеңде жүзеге асырылатын жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7,3 млрд теңгені құрайды», — делінген хабарламада.

Компания өндірісте 500-ге жуық және аралас салаларда 700 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлаған.

Қауымдастықта Қазақстан алдағы бес жылда жаңа, заманауи ауылшаруашылық техникалары және оларға арналған бөлшектерді шығару міндетін алға қойып отырғанын атап өтті.