Қостанайда трактор зауыты іске қосылды

1071
трактор
Фото: Prom.ua

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Қостанай облысында екі жаңа ірі жоба іске қосылды, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.

Олардың біріншісі 2018 жылдың II жартыжылдығында негізі салынған ауыл шаруашылығы техникасы мен өнеркәсіптік суыту жүйелері зауыты. «Қостанай» — индустриалдық аймағында іске қосылған жобаның ең ірі өнімі -трактор.

«Іске асыру 2018 жылдан 2022 жылға дейін төрт кезеңді көздейді. Кәсіпорында тракторлар өндірісі іске қосылды. Қуаты — жылына 2 мың бірлік техника. Зауыттың серіктесі «Композит групп Казахстан». Қазіргі уақытта 33 жұмыс орны ашылды, аладғы уақытта 150-ге дейін көбейтеміз», — дейді «Тобыл» ӘКК-да.

Сонымен қатар, корпорацияда техниканың 60-65%-ы қазақстандық нарыққа жіберілетінін, қалғандары Қырғызстан мен Тәжікстанға экспорттауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Екінші жоба — Арқалық қаласында іске қосылған сүт өңдеу зауыты. «Арқалық сүт» компаниясымен серіктестікте ашылған зауыт бір ауысымда 445 литр сүт, күніне 192 литр айран, тәулігіне 30 кг ірімшік, тәулігіне 69 кг қаймақ және тәулігіне 10 л сарысу шығарады. Барлық шығарылған өнім ішкі нарықта сатылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Мұның аясында индустиралдық аймақтардың жұмысын, оның аясында өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту басым бағыттың бірі.