ҚР Президенті мегаполистер мен облыс әкімдері туралы жарлыққа қол қойды

әкімдері
Фото: bdg.by

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген жарлықта.