Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Орталық сайлау комиссиясына «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының атынан ҚР Президенттігіне алғашқы үміткер Садыбек Түгел құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ОСК хабарлады.
ОСК-де хабарлауынша, Садыбек Түгел келесі құжаттарды ұсынды:«Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасының үзіндісі; Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші; Өмірбаяндық мәліметтері; Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері; Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. Оларды ұйымдастыруға Үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлінеді.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады және 8 маусымға дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024