Қытай инвесторлары Қазақстандағы тағы бір зауытты іске қосады

іске
Фото: prmaket.ru

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылы құрама жем және ағаш өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жобаны «Тиенил Логистикс ИнвестКомпани» қытайлық инвестор Tielin Logistics Co-мен бірлесіп жүзеге асырады.

«Кәсіпорын жылына 270 мың тонна құрама жем және жылына 97 мың текше метр ағаш өңдеу өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Жұмыс орындарының саны – 80 адам», – деп қосты ведомстводан.

Барлық өнімдер Қытайға экспортталады деп жоспарланып отыр.