Қытай Қазақстанмен шекараны ашты

87
тауар
Фото: taxhaven2017.com

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері (БӨП) ашылды және штаттық режимде жұмыс істейді.

«Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасында барлық шектеулер алынып тасталды. БӨП-те адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу штаттық режимде жүргізіледі», — деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінде.

Қытай тарапының бастамасы бойынша 1-3 қазан аралығында өткізу пункттері ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына байланысты уақытша жабылды.