Қызметкерлері миллионнан асатын ең ірі компаниялар

288
Іскер
Фото: nextlevelcoachconsult.com

Әлемде қызметкерлер саны миллионнан асатын нақты 3 компания бар. Олардың біреуі АҚШ, екеуі Қытайда.  Қызметкері ең көп Walmart жекеменшік болса, екеуі Қытайдың ұлттық және мемлекеттік компаниялары. Төртінші орындағы Sinopec компаниясында қызметкер саны миллионнан асады деген дерек бар. Алайда кейбір деректерде 200 мыңнан, тағы бір жерде 400 мыңнан асады делінген. Ал Тайваньдық Foxconn-ның да миллионнан астам қызметкері бар деген ақпарат бар. Ресми деректерде Тайваньдағы қызметкерінің саны -700 мың. Өкінішке қарай нақты дерек жоқ.

1. Walmart, АҚШ – 2 200 000 қызметкер

Walmart қызметкерлер саны бойынша АҚШ-та ғана емес, әлемдегі ең ірі жұмыс беруші. 2 млн 200 мың адам Латвия халқынан көп. Бір ғана дүкеннен басталған дисканутер желісінің бүгінде жеке өз алдына мемлекет болуға мүмкіндігі бар.  

2. China National Petroleum Corporation, Қытай – 1 668 072 қызметкер

1 668 072 адам жұмыс істейтін Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы әлемдегі ең ірі жұмыс берушінің бірі. Әлемнің 34 елінде жұмыс істейтін компания 1997 жылдан бастап Қазақстанға да инвестиция салып, мұнай, газ жобаларын жүзеге асырып отыр.

3. Мемлекеттік электржелісі  компаниясы, Қытай – 1 583 000 қызметкер

Қытайдың мемлекеттік электрожелісі компаниясында 1,5 млн адам жұмыс істейді. Милиардтан асатын тұрғыны мен әлемдегі ең ірі өнеркәсіпік ел үшін 1,5 млн адам қалыпты цифр сияқты.

4. Sinopec, Қытай – 1 021 979 қызметкер

Табыс жағынан әлемдегі 5-ші компанияда 1 млн адам жұмыс істейді. Кейбір деректерде Қытайдың мұнай, химия саласындағы компаниясында 423 543 адам жұмыс істейді делінген. Бұл тек Қытайдың өзіндегі қызметкерлер саны болуы мүмкін. Компания әлемнің бірқатар елдерінде жұмыс істейді.

5. Hon Hai Precision Industry Co., Ltd., Тайвань — 1 000 000
Foxconn сауда белгісімен танымал компанияның қызметкерлер саны 1 млн.нан асады деген дерек бар. Электроника шығаратын ОЕМ (ОЕМ — өндірген өнімін сатып алушылар өз маркасымен сата алады) компанияның тек Тайваньдағы қызметкерлерінің саны 700 мыңнан асады.

Кейбір деректер: internationalwealth.info сайтынан алынды