Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.
"Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Әскери тікұшақ апатының себебі әлі анықталмаған және тікұшақ толығымен өртеніп, 13 адам қаза тапқан",-делінген ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз мәлімдемесінде.
Президент Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, оларға материалдық көмек көрсетілетіндігі туралы жазды.
Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады.Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай,экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі.Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 27 марта 2019 г.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





