ҚР Президенті Энергетика министріне сөгіс жариялады

Энергетика министріне
Фото: akorda.kz

Астана. 11 қазан. 7kun.kz — ҚР Президентінің өкімімен Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды», — делінген хабарламада.