Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Басқа өкіммен Мирболат Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!