Рақышев Qazkom акцияларын 1 теңгеге сатады

1222
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 15 маусым. 7kun.kz – Кеңес Рақышев Халық банкінің «Қазкомның» 86,09 пайыз акциясын сату/сатып алу туралы келісімге қол қойды. Акция құны 1 теңге мөлшерінде деп бекітілді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық Әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ да Qazkom-ның 10.72 пайыз жай  акциясын иемденеді. Бір акцияның құны 1 теңге болады.

Мәміленің аяқталуы бірқатар шарттардың алдын ала орындалуын көздейді:

  • Проблемалық Кредиттер Қоры БТА Банктің бірқатар активтері мен қарыздарын сатып алуы;
  • БТА Банк Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 триллион теңге қарызын өтеуі;
  • Қазіргі таңда Qazaq Financial Group, Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін акцияларды Рақышев мырза сатып алуы;
  • Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы.
    Жоспар бойынша, мәміле 2017 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады. Қандай да бір жағдайлар туындаған күннің өзінде келісім 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін бітеді.

«Халық банк сатып алынатын жай акциялардың құнынан бөлек, банкті де қосымша капиталдандыруы тиіс. Қаржыландыру көлемі — 185 млрд теңге. Бұл процесс ҚР Ұлттық Банкі белгілеген реттеушілік талаптарға сәйкес орындалады деп жоспарланып отыр», — деп жазылған хабарламада.

Халық банктің «Қазкомды» қосымша капиталдандырылуы өз қаражаты есебінен болуы тиіс.

Мәміле мәресіне жеткеннен кейін, Халық тобы ауқымды бөлімше желісімен, банкоматтар және POS-терминалдармен, банктік, сақтандыру және брокерлік қызметтерді толық ұсынатын қаржы секторындағы көшбасшы қаржылық топ бола алады.
Қол қойылған мәміле бойынша Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова өз пікірін білдірді:
«Атаулы мәміле барлық қазақстандық қаржы секторы үшін белгі болды. Ол ҚР банктік секторын сауықтыруға және тазалауға мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, ауқымды қаржылық топ құрып тек қазақстандық өзге банктермен ғана бәсекелес болумен тоқталмай, еліміздің ДСҰ-на кіруі шеңберіндегі жаңа үндеулерге жауап беру үшін ел аумағынан тыс жерлерде де қатысу. Халық тобы үшін бастысы өз клиеттеріміздің сенімділігін қамтамасыз ету, кең ауқымды қызметтер мен өнімдерді ұсыну, біздің акционерлер мен инвестерлерімізді қанағаттандыру мақсатында топтың акционерлік құнын жоғарылату бойынша жұмыс істеу. Біз күш-жігерімізді Халық банкінің және  Қазкоммерцбанктің клиенттеріне шоғырландырамыз, сондай-ақ әрбір банкте қолданылған ең таңдаулы тәжірибелерді енгізетін боламыз».

Еске салсақ, 2017 жылғы 2 маусымда Рақышев мырза және Самұрық-Қазынаның мәмілеге отырғандығы туралы хабарланғанбыз.