«Ресей Қазақстанды құтқарды» – Рамзан Қадыров ҰҚШҰ елдеріне үндеу жасады

Шешенстан. 18 маусым. 7kun.kz – Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге видео үндеу жолдады. Ол оларды Украинадағы оқиғаларға қатысты өз ұстанымдарын білдіруге шақырды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ресей Қазақстанды құтқарды, дон. Армяндар, дон. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин, дон басты рөл атқарды. Қазақстан егемендігінен айырыла бастағанда кім көмектесті? Ресей, дон. Ешкімнен қорықпады, дон. Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген бандерлерге, нацистерге және фашистерге қарсы ұстанымыңыз жоқ?», – деді Қадыров өзінің Telegram-арнасында жарияланған видеода.

Айта кетейік, кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанның өзін-өзі тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған ДХР мен ЛХР-ны мойындамайтынын ашық айтты.