Ресей Түркияның Сириядағы ықтимал әскери операциясын қисынсыз деп санайды

Нұр-Сұлтан. 15 маусым. 7kun.kz – Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында Сирия бойынша келіссөздердің 18-ші раунды өтіп жатыр. Келіссөздерінің басында Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев Сириядағы жағдайға көқарасын білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бұл әсіресе Түркия Президентінің Сирияның солтүстігінде күрд құрылымдарына қарсы әскери операция жүргізу жоспары аясында өте маңызды. Біз бұл әрекетті жағдайдың тұрақсыздануына, шиеленістің ушығуына және дағдарысқа әкелетін негізсіз қадам болады деп есептейміз», – деді Александр Лаврентьев.

Ресейлік саясаткердің айтуынша, Мәскеу Анкараны бұл қадамнан бас тартуға және барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешуге  шақырады.