Ресейдің еншілес банктеріндегі депозиттер бір айда 1,5 трлн теңгеге азайды

валютада
Фото: economica.com.ua

Қазақстандағы ресейлік үш банктің еншілестеріндегі депозиттер бір айда 1,5 трлн теңгеге азайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық Банктің есебіне сәйкес, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ-дегі жеке және заңды тұлғалардың депозиттері 1 наурызда 2 964 033 633 247 теңгені құраған. Ал 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 468 572 100 681 теңгеге азайып, 1 495 461 532 566 теңге болды.

Бір айда жеке тұлғалардың депозиттері 1 283 410 879 800 теңгеден 662 437 075 090 теңгеге дейін, яғни 621 млрд теңгеге жуық азайды.

Заңды тұлғалардың депозиттері 1 680 622 753 333 теңгеден, 847,6 млрд теңгеге азайып, 833 024 457 392 теңге болды.

Банктер бойынша алсақ, «Сбербанк» АҚ ЕБ-дегі жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 571,4 млрд теңгеге, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ-де 38,5 млрд теңгеге жуық азайды. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымдарында 11 млрд теңгеден астам қысқарды.

Банктер контекстінде заңды тұлғалардың депозиттері бір айда: «Сбербанк» АҚ ЕБ-де – 688 млрд теңге, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ – 20 млрд теңгеге жуық, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымдарында – 140 млрд теңгеге жуық азайды.

Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Сбербанк» АҚ ЕБ жеке және заңды тұлғалардың депозиттері 1,3 трлн теңге, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ-де – 58 млрд теңгеден астам, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ
151 млрд теңгеге азайды.