Ресейге заңсыз жолмен 12 млн теңгенің бензинін жібермек болған

дизель
Фото: betafinance.ru

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың басынан бері Қазақстаннан Ресейге 12,1 млн теңгеге заңсыз жанар-жағармай алып өтпек болған. Бұл туралы Ресей Федералдық кеден қызметі (ФКҚ) хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеден органдары РФ ӘҚБК 16.3 «Тыйым салулар мен шектеулерді сақтамау» бабы бойынша іс қозғады.

«Жалпы, 2019 жылдың басынан бері Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкелінген дизель отыны мен бензиннің жалпы көлемі 68 мың литрден асты, құны 2 млн рубль (12,1 млн теңге)», — деп толықтырды ФКҚ.

Мысал ретінде, Ресей азаматы 39 мың қазақстандық дизель отынын заңсыз алып өтпек болған оқиғаны айтуға болады. Қазіргі уақытта іс сот қарауына жіберілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан 21 маусымына дейін 77 мың литр бензин тәркіленді. Осы іс бойынша 50 мың рубль (302,5 мың теңге) айыппұл салынды.